{metadescription}
​Қан емес, кетчуп екен:  Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты
​Қан емес, кетчуп екен:  Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

​Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

Олардың елді дүрліктіріп әрі әрекеттері әсерлі көріну үшін қолдарына қып-қызыл соусты өкірте жағып алғаны анықталған.  

Әділдікке жету үшін бұдан басқа амалымыз қалмады деген плакат ұстаған бір топ азаматтың видеосы ғаламторды шулатқан еді. Медициналық бетперде кигендер білектерін қан-жоса етіп, қыз зорлады деп айыпталған достары Бегзод Тошбулатовтың 7 жарым жылға жазықсыз сотталғанын айтып, оны ақтауды талап еткен. Бұл наразылық акциясы билік пен құзырлы орындарды аяғынан тік тұрғызды. Шұғыл тексеру нәтижесінде қарсылық шарасына шамамен 15 адамның қатысқаны анықталған. Әзірге төртеуінің мектеп оқушылары екені белгілі. Өзгелерінің бет-жүздері көрінбегендіктен іздестірілуде. Дегенмен бірде біреуі жауапқа тартылмайды. Өйткені оларды алдап түсірген.

Алма Ахметова, Жамбыл облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы:

-Жамбыл облысы ІІД қызметкерлерімен бейнежазбадағы балалардың білегіндегі қанға ұқсаған дақтың кетчуп екендігі анықталды. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушы сотталған Б.Тошбулатовтың туған әпкесі екендігі белгілі болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.