{metadescription}
10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын Қызылордада өтеуі мүмкін
10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын Қызылордада өтеуі мүмкін

10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын Қызылордада өтеуі мүмкін

Бишімбаев, Дүтбаев пен Тоқмәдилер енді жазасын қай жақта өтейтінін өздері таңдауы мүмкін.  Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандардың өтініші бойынша оларды туыстары тұратын қалаға ауыстыруға болатынын мәлімдеді.

Енді қапасқа қамалғандардың да талап-тілектері ескерілмек. Мәселен, айыпты Алматы қаласында сотталғанмен, оның туыстары басқа қалада тұрса, сол жаққа ауыстыруын сұрауға құқығы бар. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұл жаңалығына көпшіліктің құлағы елең ете қалды. Парамен, түрлі жаламен тұтқындалған атышулы Тоқмәди, Бишімбаев пен Дүтбаевтар сонда қайда барады деген сұрақ сөзсіз қызығушылық тудырды.

Комитет төрағасы Азамат Базылбеков өз долбарын айтты. Мәселен, Қуандық Бишімбаевтың соты Астанада өтті. Шешім заңды күшіне енгесін экс- министр ата-анам Қызылордада тұрады, сол жаққа ауыстырсын деген өтінішпен шықса, талабы жерде қалмайды. Мұндай мүмкіндікті кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди де пайдалана алады. Тоқмәдидің ісі Таразда қаралғанмен, негізігі іс бойынша о баста Алматыда жауапқа тартылған. Сондықтан,  оны алдағы уақытта Алматыға ауыстыруы мүмкін деуге толықтай негіз бар. Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтің жөні бөлек. Оның қалауы ескерілмейді.

Аглая Тұрланова,ҚР ІІМ ҚАЖК Баспасөз қызметінің бас сарапшысы:

-Дүтбаевқа тоқталатын болсақ, ол Астана қаласында сотталған. Ол жазасын соттар және құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері үшін арналған мекемеде жазасын өтейді. Мұндай мекеме Қазақстанның тек Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан.

Сондықтан, өтініш түсті екен деп сотталғандардың бәрін бет-алды ауыстыра бермейді. Өйткені, ауыр қылмыс бойынша қатаң режимде жазасын өтейтін калониялардың саны шектеулі. Бұл өзгеріс бірінші кезекте қылмыскерлердің туған-туыстарының көңілін жайлатар. Жазасын жандарында өтеуі жиі жүздесулеріне  мүмкіндік береді. Комитет бұл қадамға бару арқылы сотталғандар мен туыстарының арасындағы әлеуметтік байланыстың үзілмеуін көздеп отыр. Бірер айдан кейін, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қапаста отырғандардан оларды ауыстыру туралы қанша өтініш түскенін есептеп, жариялап та қалар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде