{metadescription}
Ханталапай: Бюджеттің шығыны  көбейіп, кірісі азайған
Ханталапай: Бюджеттің шығыны  көбейіп, кірісі азайған

Ханталапай: Бюджеттің шығыны көбейіп, кірісі азайған

Президенттің әлеуметтік 5 тапсырмасына бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды. Үкімет Елбасының пәрменін орындау үшін  биыл қазынадан қосымша 25 миллиард теңге қарастырмақ. 

Бақыт Сұлтанов, Қаржы министрі:

-Оның ішінде 5 миллиард теңге жаңа гранттардың сомалары,  есебін көбейту, 20 миллиард теңге ауылды мекендерде және моноқалаларда микрокредит көлемін ұлғайту үшін 25 миллиард. Келесі жылдары бұл сомалар едәуір көбейеді. Өйткені, жыл сайын студенттер келе береді.

Яғни, күзде жаңа оқу жылы басталғанда жоғары оқу орындарындағы грант саны биылғыдан әлдеқайда көп болады. Студенттерге жаңадан салынатын жатақханаларға   қанша қаржы жұмсалатыны әзірге белгісіз. Себебі, шенеуніктер  құрылысқа кәсіпкерлерді де тартпақ. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен  шот ашқандарға мемлекеттік сыйақыны  арттыру үшін 5 миллиардтан астам ақша бөлінген. Қаржы министрлігі  5 әлеуметтік жобаға 25 миллиардты салықтан түскен қосымша қаржы, өткен жылы игерілмей  қалған ақшадан алыпты.  Ал ұстаздардың жалақысын 30-дан 50 пайызға дейін көтеру үшін бюджеттен 62 миллиардқа жуық теңге қаралмақ. Мүгедек бала бағып отырған ата-аналарға  төленетін жәрдемақыға деп 3 миллиардқа жуық теңге бөлінеді.  Бүгін қаржы министрі мен Экономика министрі Мәжіліске  2018-2020 жылдарға арналған үшжылдық бюджетті таныстырды. Атқамінерлер биылғы бюджеттің түсімі  -   8 триллион 759 миллиард теңге. Шығын – 9 триллион 643 миллиард болады. Мұнайдың баррелі 55 доллар деп  есептепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде