Төл теңгеміздің тағдыры не болмақ? Сол жағалаудағылар не дейді?
Ал санкциялар соғысына байланысты Үкімет бектіліп қойған ауқымды жоспарларын шұғыл өзгертуге кірісті. Тиісті құжат осы аптаның соңына дейін дайын болуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Яғни Қазақстан екі державаның арасындағы геосаяси жанжалдан зардап шекпеу жағын ойластыруы қажет. Сондықтан қаржы мен экономикаға жауапты шенеуніктер тығырыққа тіреуі мүмкін деген бірнеше сценариді дереу қарастырып жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
10.04.2018
Бұл сұрақты Ұлттық банк төрағасының орынбасарына қойған едік, бірақ, нақты жауап ала алмадық.Тіпті, бүгін Үкімет отырысына келген Алпысбай Ахметов, төл теңгенің құлдырап жатқанын білмейтін болып шықты. Нарықтағы тоқырауды тілшілерден естіп аң-таң болған Ақышевтің орынбасары бұны девальвация деп айтуға қарсы.
АЛПЫСБАЙ АХМЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Сіздер білесіздер бізде теңгенің айналымы еркін. Сондықтан Ұлттық банк оған әсерін тигізе алмайды реттей алмайды.Бақылай алмайды.
Яғни, теңге құнсызданып жатса да Ұлттық банк интервенция жасамайды дейді. Мұның қаншалықты ұзаққа созылары белгісіз. Өйткені АҚШ пен Ресей арасындағы текетірес күн сайын үдеп барады. Десе де, біздің атқамінерлер әдеттегідей бейқам.
ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ:
-Санкция біздің елге салынған жоқ қой. Бірақ, Ресейдің қаржы нарығындағы, қор биржасындағы тоқырау, көршілеріне әсер етпей қоймайды. Оның үстіне Еуразиялық экономикалық одақтың құрамындамыз.
Ал, Ұлттық экономика министрі қаржы нарығы тым сезімтал дейді. Қит еткен өзгеріс болса, бірден құбылып сала береді. Десе де Үкімет сақтануға кіріскен.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
-Санкцияға байланысты Ресейдегі жағдай ушығатын болса, әрине бұл жақсылық әкелмейді. Сондықтан,мұның алдын алу үшін апта соңына дейін тиісті жоспар әзірлейміз. Ол үшін алдымен Ұлттық банкпен бірігіп, көрші елдегі жағдайды зерттеп, оның бізге қалай әсер ететініне баға беруіміз керек.
Министр әліптің артын бағып, шұртты сабырға шақырғанымен, Ресейдегі ахуал Үкіметті алаңдатып отырғаны анық. Ал, қатарынан бірнеше мәрте болған девалвациядан аузы күйгендер қазірден ақшасын сақтық үшін долларға ауыстыруға кіріскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!