{metadescription}
Петропавлдың орталық көшесін безендіріп тұрған әсем шамдар бір қыстан қалмады
Петропавлдың орталық көшесін безендіріп тұрған әсем шамдар бір қыстан қалмады

Петропавлдың орталық көшесін безендіріп тұрған әсем шамдар бір қыстан қалмады

Пластиктен жасалған қаптамалардың кейбірі  аязға шыдамай шытынаған екен.  

Түнде айналаны түрлі-түсті реңкке бөлейтін бұл шамдар Конституция даңғылына бір жыл бұрын ғана орнатылған екен. Осындағы субұрқақпен бір кешенді құраған жоба қала бюджетіне бас-аяғы 300 миллион теңгеге түскен. Енді  әрқайсысы 20 мыңнан 60 мыңға дейін тұратын 52 шамды қайта алмастыру  керек. Шенділер бұған тек аязды ғана емес, бұзақыларды да айыптап отыр.

Дулат Шарапиденов, Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

-Қалалық ішкі  істер басқармасы шамдарды сындырған бұзақыларды іздестіріп жатыр.  Алайда біз кінәлілер қашан табылып, қашан шығынды өтейді деп күтіп отырмаймыз. Қазір бұл шамдарға тапсырыс бердік. Жуырда жеткізілсе, бірден қала бюджеті есебінен алмастырамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде