Бауыржан Байбек зейнеткерлерге үйлерінде бүлдіршіндерді бағып, ақша табуды ұсынып отыр
Осылайша, ата-аналар алысқа бармай-ақ балаларын егде кісілерге берсе уақыт та, ақша да үнем болады деген пікірде.
11.04.2018
Алматы әкімі осылайша балабақшадағы орын тапшылығын шешуге болатынына сенімді. Балабақшаларды қаптатып сала беру қаржылық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан, үйде жай отырған қарттарды осы мақсатқа жұмылдырса, кімге болса да тиімді дейді. Айта кетейік, Алматы зейнет жасында 222 мыңға жуық адам бар. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, оның тек 6 пайызы белсенді екен.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
-Жұмыс орны болады. Зейнеткерлер қосымща айлық алады. Ата-аналарға да жақсы ғой, көрші үйге апара салады. Біз осы жұмысты реттеп, арнайы сертификаттар береміз. Сосын қай үйлерде қарттар қарайтыны туралы арнайы тізімді жариялаймыз. Қазір жалғыз тұратын зейнеткерлер өте көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!