Атырауда «Ақ Жайық» табиғи резерватының аумағынан шыққан өрт сөндірілді
Құтқарушылар қамысты жайпаған қызыл жалынды ауыздықтау үшін арнайы құрылғысы бар тікұшақты пайдаланған.
Автор: Жанар Низамутдинова
11.04.2018
Тікұшаққа өртті сөндіруге қажетті су Каспий теңізінен алыныпты. Нәтижесінде ол көкке жеті рет көтеріліп, өртеніп жатқан 15 гектар аумаққа 21 тонна су шашыпты. Естеріңізге салсақ, резерват аумағындағы «Золотенок» деп аталатын учаскедегі өрт 8-ші сәуірде басталған болатын. Оның неден шыққаны әзірге белгісіз. Алғашқы күні 4 жарым гектар жердің қамысын күлге айналдырған өрттің аумағы желдің күштілігінен лезде ұлғайып, 15 гектарға жеткен еді. Қорғалатын аймақ саналатын резерватты аң-құстың төрт жүзге жуық түрі мекендейтінін де айта кетейік. Мамандар зардап шеккендердің мүлдем жоқ екенін айтып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!