{metadescription}
Спикер: "Ақышев, бізге лекция оқымаңыз"
Спикер: "Ақышев, бізге лекция оқымаңыз"

Спикер: "Ақышев, бізге лекция оқымаңыз"

Ұлттық банк төрағасы бүгін бірақ теңге бағамы үшін емес, сол валюта нарығын реттеуге қатысты біраз сын естіді. Мәжіліске валюталық рететуге қатысты екі заң жобасын алып келген Данияр Ақышевты депутаттар сан сауалмен қыспаққа алды. Тіпті бас банкир төменгі палата төрағасынан бірнеше рет ескерту алды.

-Жәудір, қайырлы күн. Депутаттар Данияр Ақышевқа неге шүйлікті?

Расында да бүгін мәжілісмендер Ұлттық банкт төрағасының жауабына көңілдері толмай, бірінен кейін бірі сұрақтарын қойып жатты. Бастапқыда төменгі палата спикері Ақышевқа «ұзақ сөйлейсіз, бізге лекция оқымаңыз»  деп ескерту жасады.

Ал депутат Геннадий Шиповских сөз алғанда, отырыста нағыз тартыс басталды. Ақышев Сақтандыру туралы заң жобасын әзірлегенде Шиповскихты бірақатар ұсынысына құлап аспай қойыпты. Сондықтан депутат бүгін сақтандыру компанияларына арналаған жаңа талапты тағы қозғады. Бірақ Ақышев бұл сұраққа бірден қарсылық білдіріп еді, осы кезде спикер араша  түсті. Сонымен, мәжілістегі үшеудің арасындағы диалог мынадай болды: 

Геннадий Шиповских, Мәжіліс депутаты:

-Сақтандырушылар сіздердің  нормаларыңызды орындай отырып қосымша шығын шығарғанын мен көріп отырмын. Яғни, бағаны қымбаттата түседі. Осыған байланысты сіз өзіңіздің заң дайындаудағы логикаңызды түсіндіріп беріңізші?

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Жоо-жооқ, кім, Данияр Талғатұлы осы Мәжілістің отырысының төрағасы бар. Біздің регламент бойынша Мәжілістің төрағасы бақылауға алып отыр. Ол сұраққа жата ма,  жатпай ма, сіз оған баға бермеңіp. Тікелей сұраққа жауап беріңіз.

-Жоқ, нақты деген сөзді түсінесіз бе? Түсінбесеңіз, Геннадий Геннадиевичке барыңыз, аударып береді.

Валюталық қатынас туралы заңда Қазақстаннан шетелге заңсыз ақша алып кетіп жатқандарға қарсы күресті күшейту туралы жазылған.  Ол үшін Ұлттық банк Мемлекеттік кіріс  комитеті және аймақтардағы департаменттермен тығыз байланыс орнатып, ақпарат аламаспақ.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелеріне неге ерекше назар аударылады? Себібі, капиталдың әкетілуін бақылауды заңның нормаларымен ғана қамтамасыз ету мүмкін емес. Капиталды әкету заңсыз жолмен, немесе заңды келісімдер арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Тікелей шектеу шаралары адал кәсіпкерлердің инвестициялық ақуалын және бизнес жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.