Ұлттық банк төрағасы теңгенің тағдырына қатысты мәлімдеме жасады
Данияр Ақышевтың айтуынша, төл ақшамыздың құбылуы тікелей рубльге байланысты емес. Сондықтан, валюта бағамының құбылуынан пайда табуды көздегендерге бұлай жасамауға кеңес берді.
Автор: Досжан Маратұлы
11.04.2018
ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
-Соңғы екі күнде рубль долларға шаққанда 10 пайызға арзандады. Ал, теңге небары үш пайызға. Өйткені, ұлттық валютамыздың бағамы рубльге ғана байланысты емес. Теңге еркін айналымда. Нарыққа байланысты бүгін арзандағанымен, ертең қайта қымбаттауы мүмкін.
Яғни, Ақышевтың айтуынша, теңге ең әуелі қашанғыдай мұнайға тәуелді. Қарқынды өсіп келе жатқан оның бағасы қазір барреліне 70 долларға жетіп қалды. Десе де, АҚШ-тың Ресейге қатысты тыйымы Қазақстанның экономикасына да әсер ететінін жасырмады. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақта болғандықтан санкция салқыны қалай да сезіледі.
Бірақ, бұдан теңге девальвацияға ұшырамайды дейді бас банкир. Айтуынша, елімізде қаржы нарығы тұрақты. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Ал ақша айырбастау пунктерінде АҚШ ақшасы жеткілікті екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!