{metadescription}
Ақтөбе облысында өзбек азаматтары тірідей жанып кеткен оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты
Ақтөбе облысында өзбек азаматтары тірідей жанып кеткен оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты

Ақтөбе облысында өзбек азаматтары тірідей жанып кеткен оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты

Ақтөбе облысында 52 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа дерек! Бүгін Бас прокуратура жолаушылармен қоса түгі қалмай өртеніп кеткен автобустың қожайыны қашып кеткенін айтты.  Оңтүстік Қазақстан облысының тумасын қазір полицейлер іздеп таппай жүр.

Ал, автобустың жүргізушілері болса, кінәларын сол күйі мойындамаған. Олар жол ережесін бұзды деп айыпталуда. Үшеуінің кінәсі дәлелденсе 10 жылға дейін абақтыға жабылмақ. Жантүршігерлік оқиғаның өзі Ақтөбе облысында қаңтар айында болған. Сарыағаштан Ресейге бағыт алған автобус жолда бұзылып, кейін ішіндегілер тоңып қалмауы үшін салон ішінде бензин құйылған құтыны жағыпты. Артынша өрт шығып, ішіндегі 52 өзбек азаматы тірідей жанып кеткен еді. Осы сұмдық жайт жолаушы тасымалдайтын мекемелерге сабақ болмаған секілді. Тексеру жүргізген прокурорлар қалааралық бағытта адам таситын автобустардан 2 жарым мыңнан астам түрлі заңбұзушылық тауып отыр. Көбінің өрт қауіпсіздігі сақталмаған тіпті қарапайым құжаттары да болмай шыққан. Адам өміріне бей-қарағандарға жаппай айыппұл саланып жатыр. Әрі тасымалдаушыларға бұдан былай талап та күшеймек.

АЗАМАТ ДҮЙСЕНБЕКОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

-Қазіргі таңда  егер тасымалдаушы өзінің алған лицензиясының шарттарын бұзып немесе көзделмеген маршрут бойынша өз әрекетін жүргізетін болса, лицензиясын тартып алуға ұсыныс беріп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.