{metadescription}
Ақмола облысында ауыл арасын жалғап отырған жалғыз жолды тасқын қопарып кетті
Ақмола облысында ауыл арасын жалғап отырған жалғыз жолды тасқын қопарып кетті

Ақмола облысында ауыл арасын жалғап отырған жалғыз жолды тасқын қопарып кетті

Ақмола облысында ағын су автокөлік жолын шайып кетті. Даланың еріген қар суы көлік жолын қылкөпірге айналдырған. Соның салдарынан Астанадан 30 шақырым жердегі  Преображенка ауылымен қатынас  үзілді. Топырағы опырылып, балшығы иленіп жатқан жолмен жүретін жұрт қазір де жанын шүберекке түйіп отыр. Ал жергілікті әкім-қаралар  оны жөндеуге асығатын емес. 

-Бұл Рақымжан Қошқарбаев пен Преображенка ауылдарының арасын жалғайтын жалғыз жол. Еріген қар суының ағыны қатты болғаны соншалық, жолдың екі бүйірін алпамсадай қылып опырып кеткен. Қара топырағын шайып кеткені былай тұрсын, бетон құрылыстары да қирап жатыр. Жергілікті басшылық жолды жөндеуге дереу кірісетіндерін мәлімдеді. Алайда, әзірге 4 қап топырақтан басқа ештеңе көрінбейді.

Сол 4 қапшығына қызыл лента байлап, қауіпті екенін ескертіп қойыпты. Ары аттасаң, суға батасың дегені. Ал жолды су шайған сәтін осындағы тұрғындар телефонына түсіріп алыпты. Даланың телегей суы жолдан асып өткенде көліктер өтуден қорқып, қаңтарылып қалған.

Осының салдарынан  Преображенка ауылындағы 150 адам біраз уақыт қатынассыз қалған. Үйлерінен шыға алмай бірнеше сағат көмек күтіп отырыпты.  Қаңқасы ғана қалған жолда қазір де ары-бері өту қорқынышты. Алайда бастарын қауіп қатерге тіккен халықтың басқа амалы жоқ.

Жауһар Мұстафина, Преображенка ауылының тұрғыны:

-Жыл сайын осындай. Өтірік жасай салған жолды.  Қорқынышты. Үйге бару керек, анамыз бар үйде. Не істейміз? Кім тыңдап жатыр бізді?

Алайда жергілікті  шенеуніктер тұрғындардың  байбалам салып жатқанына аң-таң.  Олардың ойынша, қираған дәнеңе жоқ. Тіпті жағдайға аса алаңдап отырғаны байқалмайды.

Алтынай Қынабаева, Р. Қошқарбаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы:

-Бір 4-5 сағат қана су өтті. Сол сәтте жолға учаскелік полиция күзеті қойылып, адамдардың сақтық шарасын күшейттік. Сол күні түнде су басылған соң, адамдар, көліктер жүріп жатыр. Екі ортамен байланыс бар.

Енді жолдың екі бүйірін жамау үшін ауданнан көмек күтіп отыр. Көмек дегені қап-қап топырақпен бітеп тастамақшы. Тек ағын судың топыраққа тоқтамайтынын түсінбей отырғандары қиын-ақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде