Елдестірмек елшіден: Назарбаев жаңа елшілерге ерекше құрмет көрсетті
Елімізде бір уақытта төрт мемлекеттің елшісі ауысты. Бұдан былай Қазақстанда жұмыс істейтін дипломаттарды бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордаға шақыртып, олардан сенім грамотасын алды.
Автор: Досжан Маратұлы
11.04.2018
Астанаға қоныс аударған шетел елшілеріне көрсетілген құрмет президенттерге жасалатын сән-салтанаттан кем емес. Қызыл кілем жайылып, сап түзеген сарбаздар мен оркестр мәртебелі меймандарды қарсы алды. Ерекше қабылдаудан соң 4 мемлекеттің, яғни Ресей, Италия, Өзбекстан мен Түрікменстанның жаңа елшілері Қазақстан президентіне сенім грамотасын табыс етті. Бұл олардың бүгіннен бастап дипломатиялық миссиясына ресми түрде кірісуін білдіреді. Ал, салтанатты рәсімнің соңында елшілермен суретке түскен мемлекет басшысы оларға мемлекеттерінің Қазақстанмен байланысын жандандыруға күш салуға шақырды.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Жауапты әрі мәртебелі міндеттеріңіз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға серпін береді деп сенемін. Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз маңызды әрі қызықты кезеңдерде болғалы тұр. Қазақстандағы дипломатиялық істің басталуымен сіздерді тағыда шын жүректен құттықтаймын. Елімізде атқарған жауапты қызметтерінің табысты, әрбір күндеріңіз сәтті болсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!