{metadescription}
Испан халқын Бәйтерек ғимараты таң қалдырды
Мадридте «Астана – ұлы даланың інжу-маржаны» фотокөрмесі өтті. Онда 20 жылдың ішінде салынған елорда құрылыстарының 100-ден астам картинасы ұсынылған. Ең алдымен испан халқын Астанамыздың негізгі бренді - Бәйтерек ғимараты таң қалдырды.
Автор: Әсем Лесбек
12.04.2018
Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан-Шатыр, Назарбаев орталықтары да келушілердің қызығушылығын тудырды. Көрмеге Испанияның саяси қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары келіп, даламыздың сұлулығын фотосуреттер арқылы тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайту мақсатында Тұңғыш Президент Қорының қызметкерлері Испанияның Азия үйімен меморандумға қол қойды. Енді олар әлеуметтік, мәдени және білім беру бағдарламалары бойынша бірігіп жұмыс істемек. Көрме соңында қонақтарға қордың әзірлеген «A day in Astana» фотоальбомы сыйға тартылды.
Бақыт Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі:
- Көрме, Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдығына арналған. Испаниялықтар бұл шара арқылы еліміздің тарихымен танысып, Астанамыздың сұлулығына көз жеткізді. Көрме арқылы Мадрид тұрғындары ерекше ықыласқа бөленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!