Алматыда кене көбейді
Алматыда кене шағып, дәрігерге жүгінетіндер көбейді. Аз уақыттың ішінде зиянды жәндіктен 58 бала зардап шегіпті. Ал, ауруханаға түскен ересек адамдар саны 2 ауданның өзінде 38 адамға жеткен.
12.04.2018
Ал, қауіпті жәндіктің көбейетін кезі әлі алда. Яғни, кене көктемнің соңғы айында қаптап кетеді. Сондықтан, зардап шегушілер саны әлдеқайда артуы мүмкін. Сол себепті, мамандар мұндай жағдайдың алдын алуға кірісіп кетті. Олар саябақтарда кенеге қарсы өңдеу жүргізіп жатыр. Яғни, жәндіктерді улы түтін арқылы жойып жүр. Ол зиянды жәндікке 2 сағаттың ішінде әсер етеді. Дезинфекторлар тұрғындардың өздері де сақтанып жүрсе дейді.
Сара Тілеубергенова, Бостандық ауданы қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы:
- Қаланың сыртына шығып жүргендердің бәрі вакцинация жасауы керек. Сосын репиленты алу керек. Бас киім бастарына, носкилерін шалбарларына заправлять етіп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!