{metadescription}
Степногор қаласында алаяқ әйелдер тыл ардагерін алдап кетті
Степногор қаласында алаяқ әйелдер тыл ардагерін алдап кетті

Степногор қаласында алаяқ әйелдер тыл ардагерін алдап кетті

Степногор қаласында 89 жастағы тыл ардагерін екі әйел алдап соқты. Әбден сенімге кірген олар Николай Гаврилиннің үйінен тірнектеп жинаған 1 миллион 200 мың теңгесін үптеп кетіпті.

Оңай олжаға қол жеткізген 48 және 34 жастағы күдіктілер қаладан ұзап кете алмады. Олар қария полицияға қоңырау шалғанан кейін 3 сағаттың ішінде қолға түсті. Екі бейтаныс әйел ардагердің үйіне бал сатып жүргендерін айтып кірген. Қарт адамды әңгімеге тартып, тіпті қолдарынан ем жасау да келетінін айтыпты. Ал қария олардан ем-дом алуға келісіп, тіпті төлейтін ақшасының қайда тұрғанына дейін көрсетіпті. Аз ғана уақыттың ішінде, біреуі «тіл- көзден» емдеп жатқанда, екінші әйел ақшаны ұрлап үлгерген. Гаврилин миллионнан аса теңгенің жоқ екенін олар кеткеннен кейін бір-ақ біліпті. Қазір ақша ардагердің өзіне табыс етілді. Күдіктілер қамауда отыр.

Николай Гаврилин, зардап шегуші:

-Көп сөйлестік. Өздері әңгімешіл екен. Алдап тұрғандарын қайдан білейін. Бұл менің олай-бұлай болып кетсем, рәсімдерге жаратылар деп зейнетақымнан жинаған қаражатым ғой.  Жалғыз тұрамын. Әйтеуір, полиция   тез тауып алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде