{metadescription}
Атырауда табиғи резерваттың басшысы өрттің қасақаны қойылғанын айтты
Атырауда табиғи резерваттың басшысы өрттің қасақаны қойылғанын айтты

Атырауда табиғи резерваттың басшысы өрттің қасақаны қойылғанын айтты

Атырауда «Ақ Жайық» табиғи резерватындаға қамыстың өртенуіне не себеп болғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мамандардың айтуынша, қызыл жалыннан бүлінген аумақтың көлемі бұдан бұрын айтылған 15 гектардан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Өйткені ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда түтін 1000 гектардан астам жерге жайылған дейді жауаптылар. Ал құрылған комиссия бүгін-ертең іске кіріспеді. Сондай-ақ, олар оқиға орнына барып, ондағы аң-құсқа зиян келген-келмегенін де анықтамақ. Ал өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Оны да комиссия анықтауы тиіс. Әзірге бұл тұрғыда болжам ғана бар. Яғни мамандар резерват аумағына жақын елді мекеннің тұрғындары шөп жақсы шығуы үшін әдейі өртеуі де мүмкін деп отыр.

Арман Құрманбаев, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры:

-Менің личный ойым – ол поджог. Не себепті болғанда, енді оны мен сізге айта алмаймын на данный момент. Служебное расследование жүргізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде