{metadescription}
Назарбаев сапасыз университеттердің санын қысқартуды ұсынды
Назарбаев сапасыз университеттердің санын қысқартуды ұсынды

Назарбаев сапасыз университеттердің санын қысқартуды ұсынды

Сапасыз университеттердің санын қысқарту керек. Елбасы аты дардай, бірақ рейтингі төмендеп кеткен жоғары оқу орындарын бір ретке келтіруге шақырды. Сондай-ақ, тілімізге еніп жатқан халықаралық терминдерді қалай болса солай аудара беруге келіспейді. Әлемнің үздік 100 жаңа оқулығының қазақ тіліндегі аудармасының тұсауын кескен Назарбаев латын әліпбиіне көшу мен аударма мәселесіндегі түйткілді тұстарға қатысты пікірін айтты.

Саны бар, сапасы жоқ оқу орындары аз емес. Елбасы соны сынайды. Президенттің айтуынша, ірі оқу орындарының өзіндік ғылыми зертханасы болу керек. Соны өндіріспен ұштастырып, коммерцияға шығару керектігін айтады. Яғни, ғалымдар ойлап шығарған, құрастырып шығарған дүниесін өнеркәсіпке енгізе алатындай болуы керек. Алайда, біздің университеттер бұл мәселеден алшақ. Рейтингке салғанда білдей оқу орындары төменгі орындарға сырғып кеткен. Сондықтан, Елбасы жастар құр диплом үшін аты шыққан университеттерді таңдай бермей, заманға қажетті мамандықтарға талпыну керек дейді.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

-Қазір күнде министрлікке келеді де қалтасына ақша түскен соң университет ашайық. Бізде 130 университет бар, оны қысқарту керек. Біз оларға грант бере алмаймыз. Түсіндіреміз халыққа, мына жерден түк таппайсың деп. Сондықтан университеттер сақталып қалам десе, заманға сай болуы керек. 

Бұл кітаптар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған ірі жоба. Оның аясында әлемнің ең үздік деген 100 оқулығы таңдап алынып, өз тілімізге аударылу керек. Бүгін соның алғашқы 18 кітабы Елбасына таныстырылды. Жобаны қолға алған азаматтардың айтуынша, кітаптар бірнеше талаптар бойынша іріктелген. Яғни, әлемдік 100 университеттің оқу бағдарламасында болуы керек және әлемнің бірнеше тіліне аударылуы тиіс. Осындай талаптармен таңдалған 800 кітаптың ішінен 100 оқулық іріктелген. Мемлекет басшысы бұл оқулықтарды білім беру бағдарламаларына енгізу жөнінде тапсырма берді. 

Елбасы осы ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударуда терминология мәселесіне көп тоқталды. Яғни, аударғанның жөні осы екен деп халықаралық терминдерді оңды-солды аудара беруді қолдамайды.

Жалпы, осы аударылатын 100 кітаптың глоассарийінде 3 мың термин бар екен. Сондықтан, аудармашылар оны қазақшалау мәселесіне біраз бас қатырайын деп тұр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.