{metadescription}
Елімізде бензин арзандады
Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады. Жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы жанармайдың литрі 159 теңгеден сатылып жатыр. Яғни, баға 4 теңгеге түскен. Бірақ, бұл арзаншылық жазға дейін жалғасатын уақытша науқан сынды. Баға еліміздегі барлық жанармай бекеттерінде емес, тек «ҚазМұнайГаз» станцияларында төмендеген. Бұған дейін Энергетика министрі де жанармай құны арзандауы мүмкін деп болжаған еді. Өйткені, қордағы артық бензинді қайда жіберерлерін білмей отыр екен.
Автор: Жәудір Оразхан
12.04.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!