Петропавлдың тәртіп сақшылары жұртты алдауға көшті
Пәтер ұрлықтарының алдын ау үшін олар өздерін түрлі коммуналдық қызмет өкілдері ретінде таныстырып, оған алданған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
12.04.2018
Тәртіп сақшылары мұндай қадамға амалдың жоғынан бардық дейді. Айтуларынша, өзгелеріне қарағанда пәтер ұрлығы жиі болатын және ашылуы тым қиын қылмыстардың бірі екен. Оған жол бергенше, алдын алған дұрыс деп шешкен полицейлер халықты есік қағып тұрған кез-келген адамға сене салуға болмайтынына осылайша үйретіп жүр. Пәтерлер көбіне жазда және жұрт жұмысқа кеткен кезде тоналады екен. Тәртіп сақшыларының бұл тәжірибесі барысында әрбір он пәтердің жетеуінің тұрғыны өтірік сөзге сеніп, есік ашқан.
Ерболат Қаптаев, Петропавл қалалық ІІБ бөлім бастығы:
-Мен қалалық газ қызметінің өкілімен дегенде, сөзіме сеніп, есікті аша салдыңыз. Мұныңыз дұрыс емес. Тесікке үңіліп, қарауыңыз керек еді, не болмаса, түрлі сұрақтар қойып, кім екенімді анықтауға тиіс болатынсыз. Осы жайт қаперіңізде жүрсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!