ОҚО-да лауазымды полицей парамен ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Нұрдәулет Төлегенұлы ауғанстандықтарға әжептәуір ауызбастырық үшін Қазақстан азаматтығын алып бермекші болған.
Автор: Бек Әбиев
12.04.2018
Лауазымды шендіні ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел тергеу тобы мен ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері 30 мың жалған доллар мен 3 жарым мың шын доллар алу кезінде ұстапты. Білдей басқарманы екі жыл басқарған полковник әр шетелдікке азаматтық алып беруді шамамен 3 миллион теңгеге бағалаған. Қазір ол уақытша қамау абақтысында отыр.
Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:
-Шара барысында ішкі істер департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Төлегенұлын ұстады. Ол 4 Ауғанстан азаматына ҚР азаматтығын алуға көмектескені үшін пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!