71 миллиард теңге хаккерлерге қарсы қорған болады
Үкімет биыл мемлекеттік мекемелердің киберқауіпсіздігіне бюджеттің осынша ақшасын жұмсамақ. Қорғаныс және аэроғарыш министрлігіндегілер ондаған миллиардты қалай иегерілетінін айтты.
Автор: Жәудір Оразхан
12.04.2018
Руслан Әбдіқалықов, Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:
-Бұл ақша мемлекеттік мекемелерді қорғауға, «Киберқалқан» жүйесін құруға жұмсалады. Жаңадан мамандар шақырдық. Енді технологияны ретке келтіріп, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату керек. Қаржы осындай жұмыстарға қажет.
«Киберқалқанды» құрып жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Хаккерлер көбіне интернет арқылы электронды үкіметтің объектілерін бұзып кіреді екен. Онда адамдар туралы жеке мәлімет бар. Соны ұрлайды. Былтыр біздің мемлекеттік мекемелерге әлемнің түрлі елдерінен 20 миллиард шабуыл жасалыпты. Бірақ, ешқандай шығын келмеген. Егер азаматтардың компьютерлері қорғалмаған болса, мұндай шабуылдар тыйылмайды дейді шенеуніктер. Бизнесмендер, банктер мен ұлттық компаниялар да хаккерлерден өздері қорғануы тиіс. «Киберқалқан» тек мемлекеттік жүйені бақылауға алмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!