{metadescription}
Балаға талас: Оралда туған келінін өлтірген қайын ата қамауға алынды
Балаға талас: Оралда туған келінін өлтірген қайын ата қамауға алынды

Балаға талас: Оралда туған келінін өлтірген қайын ата қамауға алынды

Семейлік келіншек Оралда қайын атасының қолынан қаза тапты. Ақерке Қозыкешова Батыс Қазақстанға бұрынғы күйеуі мен енесі әкеткен бір жарым жастағы ұлын алып қайту үшін барған екен. Әйтсе де, баланы бергісі келмеген Асылбек Омаров келінін аямай соққыға жығып, артынша пышақтап өлтірген. Сосын полицияға өзі барып, жасаған қылмысын мойындапты. Бірақ келіншектің жақындары оның жалғыз өзі өлтіргеніне күмән келтіріп отыр.

Саят пен Ақерке бір-бірінен сүйіп қосылғанымен, кейін дәм-тұздары жараспай ажырасып кеткен. Ал сот баланы анасына қалдыру туралы шешім шығарыпты. Бірақ әжесі мен әкесі артынша Семейге кешірім сұрап келген болып, ұлы Әлішерді Оралға алып кетіп қалған. Енді қара жамылған отбасы келіншектің баланы қайтарып алу үшін жазған арызына құқық қорғау органдары құлақ аспады деп отыр.

Райхангүл Әбдірахманова, А. Қозыкешованың әпкесі:

-Ішкі істер органдары, қайда қарап отырсыңдар? Ананың өліміне жеткізбей осыны шешуге болмады ма? Астанаға дейін шыбын жаны шырқырап барды ғой. Неге көмектеспедіңіздер?

27 жастағы Ақерке Қозыкешова осыдан кейін ұлын алып келу үшін Оралға өзі аттанған. Ал өткен сенбі күні ол әпкесіне қоңырау шалып, соңғы рет тілдесіпті. Сол сәтте, оған бұрынғы жолдасымен сөйлескенін және ұлын көру үшін өзі пәтер жалдағанын жеткізген. 

-Екі баланы жетім қалдырды. Бір баланы ұрлап әкетті. Шешесі баласына барып еді, өлтіріп қоя берді.

Қанды оқиға сол жалдамалы пәтерде болған екен. Ақеркені алғашында аяусыз соққыға жығып, артынша жүрегіне пышақ салған. Бүгінде Оралға мәйітін әкелуге кеткен жақындары қыздың сау-тамтығы қалмағанын алға тартып отыр. Ал марқұмның қайын атасы мұндай қадамға әдейі барғанын айтып, полиция қызметкерлеріне өзі берілген. Әйтсе де, жақындары оның қылмысты жалғыз жасадым деген сөзіне сенбейді.

Бақытгүл Сарқытбекқызы, А. Қозыкешованың әпкесі:

- Әрі, ол жерде Саят та болды. Баласын жібермеу үшін әкесі өзінің мойнына алып отыр. Анасын өлтірдім немерем үйде болады деп ойлады.

Бүгінде келінімді өз қолыммен өлтірдім деген 54 жастағы Асылбек Омаров қамауда отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ибрагим Жүсіпқалиев, БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Үкімді Орал қалалық соты шығарады. Ал оған дейін күдікті екі ай бойы қамауда отырады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

-Сондай-ақ, пәтерге тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері оқиға орнынан төрт пышақ тауып алған. Алайда олар жуып қойылғандықтан, бір де бір адамның саусақ ізі қалмаған көрінеді. Тіпті қайын атасы Асылбек Омаровтың да таңбасы жоқ. Сондықтан туғанынан қапыда айырылып қалған отбасы Ақеркенің бұрынғы күйеуі – Саят Қозыкешовтің де тергелуін талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде