Сирия халқы Американың үркітуіне мән бермеуге тырысуда
Дауыл алдындағы тыныштық. АҚШ билігі әне-міне соққы жасаймыз деп қорқытқанмен, Дамаскіде әзірге халықтың көңілі қалыпты. Күнделікті тұрмыстық ырғақтарынан таймаған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
13.04.2018
Осы орайда, Ресейдің лауазымды шенеуніктері АҚШ Сирияға әскери соққы жасағаннан өзгеден бұрын өзі опынатынын мәлімдеді. Мәселен, Федералдық кеңес депутаты Алексей Пушковтың айтуынша, жағдай шиеленіссе, тіптен әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екен. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Сирияда химиялық қарудан қауіп төніп тұр дегенді желеу етіп, зымыранмен соққы жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген. Олай болған жағдайда, үлкен соғыс өрті тұтанып кетуі мүмкін дейді Пушков.
Алексей Пушков, РФ Федералдық Кеңесі Ақпараттық саясат комиссиясының төрағасы:
-Сирияға зымыран жіберудің салдары да, зардабы да үлкен. Бұл туралы Ресей Федерациясы бірнеше рет ескерткен болатын. Сондықтан, мен кезекті рет Америка құрама штаттарын бұл мәселені қайта қарауға шақырамын. Сирияға әскери соққы жасау компьютердегі ойын емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!