{metadescription}
Заңсыз келімсектерді жұмысқа жеккен кәсіпкерлер жаппай айыппұл арқалап жатыр
Заңсыз келімсектерді жұмысқа жеккен кәсіпкерлер жаппай айыппұл арқалап жатыр

Заңсыз келімсектерді жұмысқа жеккен кәсіпкерлер жаппай айыппұл арқалап жатыр

Бүгін сондай шетелдік мигранттарды жалдап, жалақыны да бейресми төлеген жұмыс орындарын Алматының салықшылары тексерді. Кәсіпкерлер де мұның заңсыз екенін білмейтін сыңайлы немесе білсе де тамыр-таныстықпен айласын асырып келген. Тексеріспен келгендерді олар бүгін жағадан алуға барды. 

Салықтан жалтару үшін мұндай орталықтар жұмысшыларымен ешқандай еңбек-шарт жасамайды екен. Ал, қаз-қатар тізіліп, басшысының сөзін аңдып тұрғандар Өзбекстан азаматтары. Олар көлік жөндеу орталығында жұмыс істейді. Ала шапанды ағайындар басшыға төлқұжаттарын беріп, ай соңында 40-50 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша алады.Жалпы, мұнда жергілікті жұмысшылармен қағаз жүзінде ешқандай келісім жоқ. Яғни, оларға төленген жалақының бір тиына да мемлекетке салық ретінде түспейді. Осы сынды орталықтарға алғашында ескерту жасалып, оны елемегендеріне 400-500 мыңнан айыппұл салынып жатыр.

Қуаныш Түменбаев Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

-Заңсыз Қазақстан Республикасының территориясында жұмыс істеп жүрген мигранттар көп. Оларды жалдайтын кәсіпкерлер салық төлеуі тиіс. Алдымен ескертеміз. Сосын 240 мың салық төлейді. Мұндай тексерістер әрдайым жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.