{metadescription}
​Тікелей эфир: Таразда тілсіз жау екі бүлдіршіннің өмірін жалмады
​Тікелей эфир: Таразда тілсіз жау екі бүлдіршіннің өмірін жалмады

​Тікелей эфир: Таразда тілсіз жау екі бүлдіршіннің өмірін жалмады

Үш жасар қыз бен 5 жастағы ұл өртенген үйден шыға алмай түтінге тұншығып қалған.  Болжам бойынша, жалынды сіріңкемен ойнаған балалардың өздері тұтатуы мүмкін. Ал от құрсауында қалған балаларды құтқаратын ешкім болмапты.

Өкінішке қарай, еш мүмкіндік болмапты. Жамбыл жұртының қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға кеше кешкісін болған. Кәугерлердің айтуынша, 5 және 3 жастағы екі бүлдіршін үйлерінде өздері ғана жүрген екен. 

Ал оларға бас-көз болу үшін қалдырылған 7-ші сыныпта оқитын ағасы сол сәтте дүкенге шығып кеткен көрінеді. Ол небәрі 20 минутта оралғанымен, үйі өртке оранып жатқан. 14 жастағы жасөспірім дереу баспанаға кіріп, түтінге тұншыққан бауырларын сыртқа алып шыққанымен, тым кеш болған.

Галина Прохорова, оқиға куәгері:

-Ол кезде от қатты жанып жатқан жоқ еді. Түтін будақтап тұрған. Балаларды далаға алып шыққанда олар өлі болатын. Алғашында есінен танып жатыр ма деп ойлағанбыз. Ыста 5 минут қалсаң жетіп жатыр. Ал олар ұзақтау жүріп қалған.

 

Сол сәтте марқұмдардың әке-шешесі жұмыста болған дейді. Ал, куәгерлердің сөзінше, тілсіз жау балалар бөлмесінен шыққан. Бұл нысан каркастан тұрғызылғандықтан, өте тез жаныпты. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жалынмен 2 сағат алысып, әзер дегенде ауыздықтаған. Көріп тұрғандарыңыздай, баспананың сау-тамтығы жоқ. Ауылдастардың айтуынша, қайғыдан қан жұтқандарға қаржылай көмек қажет. Өйткені тұрмысы төмен отбасының басқа барар жері жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде