{metadescription}
Бізді мазақ қылды: Маңғыстау облысында жүйке ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары шу шығарды
Бізді мазақ қылды: Маңғыстау облысында жүйке ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары шу шығарды

Бізді мазақ қылды: Маңғыстау облысында жүйке ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары шу шығарды

Олар психоневрологиялық диспансердің күндізгі стационарды жауып, мамырдан бастап балаларын үйден күнде әкеліп тұруға міндеттегендеріне наразы. Мүгедек бүлдіршіндерін бұлайша күнде келуге мәжбүрлеуді мазақ дейді ата-аналар. Диспансердегілер де тығырықтан шығудың жолын ұсыныпты. Ашулы ата-аналардың оған да келіскілері жоқ.

Жанат Дәулетованың 12 жасар қызы сал ауруына шалдыққан. Оның үстіне талмасы тағы бар. Ара-кідік диспансерге әкелетін баласын енді күнде жеткізуге міндеттеулері мүгедектерге жасалған мазақ дейді. Қалаға ауданнан қатынайтын ана оған көнсе, айына кемі 80 мың теңге таксиге төлеуі тиіс.

Жанат Дәулетова, мүгедек баланың анасы:

-Директордың алдына кіріп сұрадым.  Стандарт жүйесі 2015 жылы шықты дейді. Шыққанмен де ол қаланың ішіндегілерге айтылған мәселе. Біз сияқты ауданнан, Пригородтан келетіндерге оңай емес, таксиге отырам.

Жанат секілді ашынған аналар жиналып, базыналарын бүкпесіз айтты. Оларға енді күндізгі стационар болмайды деген хабарды сәуірдің басында айтқан. Ата-аналарда тек екі таңдау бар. Не баласын диспансерге өткізеді, болмаса күнде әкеліп тұруға міндеттеледі. Мекемедегілер мүгедек балаларды тұрақты тұруға қабылдауға әзір екен. Ондай жағдайда ата-аналары кемтар балаларының күтімі үшін ай сайын алатын 70 мың теңгеден қағылады.

Жадыра Қаракешева, психоневрологиялық диспансердің күндізгі бөлім меңгерушісі:

-Бір ай уақыт бердік. Яғни,30 күннің ішінде тұрақты бөлімге ауыстыруыңызға болады, бөлімде орын бар деп хабарлама берген болатынбыз. Тұрақты бөлімге деп жазып алып келсе біздер қабылдаймыз.

Диспансер қабылдаудан қашпаймыз дегенмен, ата-аналардың бұл талаппен келіскісі жоқ. Қызылкеңірдек болған бүгінгі кеңестен әзірге екі тарап та ешқандай тоқтамға келе алмай тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде