Бассыздық: Атбасарда қымбат көлігімен адам басып өлтірген байдың ұлы ұсталды
Бір күн бостандықта болып, қайта қамалды! Ақмола облысының Атбасар қаласында «Тойота ланд крузермен» 2 адамды қағып кетіп, оқиға орнын тастай қашқан 30 жастағы азаматты полиция екінші рет қамауға алды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.04.2018
Өңірге белгілі кәсіпкердің баласы ерлі-зайыптыларды қағып кетіпті. Әйелі оқиға орнында қаза тапқан. Ал оның ауыр жараланған күйеуі қазір ауруханада жатыр. Бұған дейін де жол жүру ережесін жиі бұзып, талай жанжалға себепкер болған бай баласына қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен, оны 3 күннен кейін бостандыққа жібере салыпты. Бұл жағдай жұрттың ашу-ызасын тудырған. Күдікті осыдан кейін барып қайтадан қамауға алынды.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Оны сол күні полиция қамауға алған. Содан кейін Атбасар аудандық прокурорының қаулысымен бостандыққа жіберілді. Прокуратура бұл қылмысты аса ауыр емес, орташа санаттағы қылмысқа жатады дегенді негізге алған. Тергеушілердің талап ұсынысымен сот қарап, кеше кешкісін қайта қамауға алдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!