{metadescription}
Көкшетауда есірткіні төстартқышына тыққан келіншектің қулығы іске аспады
Көкшетауда есірткіні төстартқышына тыққан келіншектің қулығы іске аспады

Көкшетауда есірткіні төстартқышына тыққан келіншектің қулығы іске аспады

Көкшетауда  есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты қолға түсті

Олардың пәтеріне арнайы жасақ сау етіп кіріп келгенде, әйелі марихуананы төстартқышына жасырып үлгерген. Бұлармен бірге тағы бір азамат ұсталды.

Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты есірткіні өз үйлерінде отырып сатқан. Кезекті бір сауда кезінде тәртіп сақшылары үстінен түсіп, зәрелері кеткен олар «бұл не не үшін?» деп, түк түсінбегендей айғайға басты. Тіпті 29 жастағы келіншек марихуананы төстарқышына тыға салыпты. Полицейлер оның іш киімінен шамамен 20 рет қолдануға жететін есірткі алып шықты. Пәтерді тінткен кезде иісшіл ит полиэтилен пакетіне тағы оралған  екі бумасын тауып алды. Онда тіпті 50 рет пайдалануға болатын есірткі бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде