{metadescription}
​Баға: Елімізде дизель жақын арада арзандамайды
​Баға: Елімізде дизель жақын арада арзандамайды

​Баға: Елімізде дизель жақын арада арзандамайды

Отынның бұл түріне сұраныс артқандықтан, бірден 8 теңгеге қымбаттаған болатын. Әзірге баға осы күйде қалады екен.

Сонымен, қазір дизель отынының тоннасы 179 мың теңге. Бірақ, егін егетін шаруаларға бөлек баға болады деп сендірді шенділер. Фермелерлерге  олар тоннасын 161 мың теңгеден бермекші. Дизельге сұраныс артқанымен, тапшылық жоқ. Сондай-ақ,  Павлодар, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары аяқталып қалыпты. Ал Атыраудағы зауыттың бір бөлігі іске қосылған. Соның арқасында елімізде бензин бағасы 4 теңгеге арзандағанын да айта кетейік.

Төлеміс Шотанов, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы директорының орынбасары:

-Бензиннің арзандағанын адамдар түсінбей де қалды. АИ-92 маркалы жанармайдың баағсын 4 теңгеге түсірдік. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты іске қосылған соң бензин қоры артты.  Бірақ бұл науқан қанша уақытқа созылатынын болжай алмаймыз. Нарық реттейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде