{metadescription}
Теңге тағдыры: Ұлттық валюта күшейіп келеді
Теңге тағдыры: Ұлттық валюта күшейіп келеді

Теңге тағдыры: Ұлттық валюта күшейіп келеді

Ұлттық ақшамыз «өгіз аяңмен» болса да, екінші күн қатарынан нығайып келеді. Апта басында күрт құнсызданып кеткен төл валюта бүгін тағы 2 теңгеге қымбаттаған. Сөйтіп, долларға қатысты құны 327 теңге 29 тиынды құрады. Бұл KASE-дегі таңғы және күндізгі саудадан соң қалыптасқан бағам.

Айырбас орындарында АҚШ ақшасы бұдан да арзан. Яғни, доллар құны 325-ке дейін түскен. Ал, сейсенбіде мұндай пункттер бағамды 335-тен бір-ақ шығарған еді. Бұған, әрине, Ресейге салынған санкциясы себеп болды. Ол дереу рубльге әсер етіп, ізден қалмай теңге де құнсызданып кеткен-ді. Бірақ, кеше күтпеген жағдай болды. Мәскеу биржасында да рубль еуро мен долларға қатысты күшейіп, көпті таң қалдырған. Сарапшылар Қазақстан мен Ресей ақшасының бұрынғы қалпына келе бастауына қара алтын әсер етті деп отыр. Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 72 доллар 69 цент тұрады. Әрі геосаяси ахуал сәл де болса тұрақталған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде