{metadescription}
Көкшетауда автобустағы өрттің себебі белгілі болды
Көкшетауда автобустағы өрттің себебі белгілі болды

Көкшетауда автобустағы өрттің себебі белгілі болды

Көкшетау іргесінде автобустың өртенуіне электр құрылғысындағы ақау себеп. Оқыс оқиға өткен сенбінің түнінде болған еді. 

Талғат – автобус жүргізушісі. Ол қызыл жалын үдеген кезде көлікте қалған құжаттарын алмақшы болып ұмтылғанымен, үлгермеген. Сол кезде Талғаттың екі қолын от шарпыпты. Онысын жедел жәрдем дәрігерлері таңып берген. Жергілікті полиция қызметкерлері автобустың есігін ашуға көмектесіп, ішінде болған 25 адамды құтқарған. Көліктің өзі түгі қалмай өртеніп кетті. Бұл автобуспен цемент зауытында істейтін адамдар тасымалданған екен. Оқыс оқиға болған күні ол жұмысшыларды Біржан сал ауданынан Көкшетауға әкеле жатқан. Көліктің зауытта пайдаланыла бастағанына 10 жылдан асыпты. Сондықтан ондағы электр сымдары да әбден тозған болса керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде