{metadescription}
Тікелей эфир: Елімізге мигрант ретінде кіріп жатқан арам пиғылды шетелдіктер көбейген
Тікелей эфир: Елімізге мигрант ретінде кіріп жатқан арам пиғылды шетелдіктер көбейген

Тікелей эфир: Елімізге мигрант ретінде кіріп жатқан арам пиғылды шетелдіктер көбейген

50 жуық Ауғанстан азаматы Қазақстанға кіру үшін заңсыз оралман мәртебесін алмақ болған. Ал олардың көбі іздеуде жүрген қылмыскерлер екен. Мәжілісмендер Ішкі істер министрінен шұғыл миграция қызметін қатаңдатып, сырттан келгендерді жіті тексеруді талап етті. Бүгін төменгі палатаға есеп берген Қалмұхамбет Қасымовқа   азаматтығынан айырылған адамдардан да аса сақ болуға кеңес берді.

-Ауғанстан азаматтарына біздің  оралман  деген статус неге қажет болыпты? 

Себебі, соғыс болып  жатқан елдерден қашқан босқындарға  біздің территорияны Еуропаға жететін өткел ретінде пайдалану тиімді екен. Ал ондай адамдардың арасында аса қауіпті лаңкес, қылмыскерлер бар дейді депутаттар. Яғни, Еуропаға ағылған заңсыз мигранттардың бізге де кері әсері тиіп жатыр.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Ауғанстанның 49 азаматы оралман-қазақ мәртебесін алмақ болған. Бірақ, олар ешқандай да оралман емес. Көбі іздеуде жүр. Бангладеш пен Ауғанстанның азаматтары біздің территорияны Еуропаға  жететін жол ретінде пайдаланбақ.

Сондай-ақ, Божконың мәліметінше, Қазақстанда тіркелген 85 компания арқылы екі трансұлттық қылмыстық топ Қытайдан елімізге  заңсыз  адам өткізіп келген. Былтыр шекарадан 5 жарым миллион шетелдік өтіпті.  Бірақ Ішкі істер министрлігі олардың  жартысын ғана есепке алған. Ал мигранттардың арасында ұрлық жасап, есірткі саудалағаны үшін жазаға тартылғандар  көп көрінеді. 

-Мәжілісте екі елдің  азаматтығы бар адамдар жайлы да сөз болыпты. Оларға талап өзгере ме?

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр екі елдің азаматтығын алған 600 адам жауапқа тартылған. Сондықтан, депутаттар алдағы уақытта миграция қызметі шетелдік дипломаттармен тығыз байланыс орнатуы қажет. Қазақстан азаматтығын алуға келген адамнан өзге елдің азаматтығынан бас тартқанын дәлелдейтін құжатты талап ету керек  деп отыр. Ол үшін мәжілісмендер заңға өзгеріс енгізуге де дайын.

 

Нұрлан Әбдіров, Мәжіліс депутаты:

-Өткен жылы азаматтықтан айыру институты енгізіді. Дегенмен, террористік қылмысы үшін сотталып, Қазақстанның азаматтығынан айырылған адамдардың мәселесі соңына дейін шешілмей отыр. Олар жазасын өтегеннен кейін Қазақстанда қала алады. Сол себепті қоғамға одан әрі қауіп төндіре береді. -Әлемде террористік қатердің өсуіне байланысты қалыптасқан жағдайды

 

Депуттар азаматтығы жоқ адамдарға бөлек статус беріп, оларды үнемі қатаң бақылауда ұстауды ұсынды. Ал қазір Ішкі істер министрлігі  азаматтығынан айырылғандарға уақыша куәлік береді де, жібереді.  Бүгінгі Үкімет сағатында еңбек мигранты ретінде он мыңдап келіп жатқан қытайлар мен түріктер жайы да сөз болды. Толығырақ 19-45 қорытынды жаңалықтарда айтайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде