{metadescription}
Алматы облысында тұрғындар шенеуніктердің өтірігін әшкереледі
Алматы облысында тұрғындар шенеуніктердің өтірігін әшкереледі

Алматы облысында тұрғындар шенеуніктердің өтірігін әшкереледі

Алматы облысында тұрғындары өздерінің асарлатып жөндеген жолдарының жемісін шенеуніктер көрді деп ренжулі. Жылдар бойы шұрқ тесік боп жатқан жерді жөндете алмай шаршаған халық ақырында бұл істі өздері бітірген. Есесіне шұңқырларына тас төселіп, ойдым-ойдым жерлері жамалған жолды атқамінерлер мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған шаруа ретінде жоғарыға есеп беріп қойыпты.

Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары елді мекенді облыс орталығымен жалғайтын 35 шақырым жолды өз есебінен асарлатып жөндеген екен. 160 қап цементті жеке көліктерімен тасыған құм мен тасты араластырып,  жолдағы шұңқырларды жамаған. Олардың бұл игі  істері әлеуметтік желіде  қолдауға ие болып, жұрттың көңілі бір марқайып қалған еді. Алайда бұл қуанышты шенеуніктер су сепкендей басыпты.

Тамуся Әбдірахманова, Мұқан Төлебаев ауылының тұрғыны:

-Олар  бұл жолды жөндеген жоқ. Бәрін халық өз есебінен атқарды. Есесіне арамыздағы жігіттерді олар  әкімдікке шақырып, бұл жұмыстарды рұқсатсыз жасағандарың үшін айыппұл саламыз деп қоқаң-лоққы көрсетті.  

Дегенмен, араға аз уақыт салып, Қарашыған ауылдық аймағының әкімі  игі бастама  үшін тұрғындарға алғыс  білдіріпті. Сөйтіп, артынша бұл шараны «Рухани жаңғыру» бойынша өздері атқарған істердің тізіміне енгізіп қойған. Яғни бұл жұрттың осы бағдарламаға қатысуы деп отыр.

Айым Нұржанова, Қарашыған ауылдық аймағы әкімдігінің  жетекші маманы:

-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бар мақаласы, сол үшін де алты жылға қамтылған іске асу. Соның ішінде «Туған жер» деген жобасы бар. ол «Туған жер» деген жобаның мақсаты ең біріншіден,  жаңағы тарихи ескерткіштерді жаңарту, сонымен қатар ауылдық жерлерді көркейту және көптеген мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Өз бастамаларын жергілікті биліктің осылайша оп-оңай иемденіп кеткеніне  ашынған жұрт атқамінерлер енді бізден кешірім  сұрасын деп отыр.  Сондай- ақ, олар н үш жыл бұрын өздеріне ескі балабақшаның ғимаратын жөндеуге жиналған  ақшаның да есебін  талап етуде. Сол кезде жұрттан түскен 5 миллион теңге құмға сіңгендей жоқ болыпты.
Шалқар Қоңыратбаев, Мұқан Төлебаев ауылының тұрғыны: 

-Сыздықов Арынғазы деген сол мемлекеттік қызметкер артымызға түсіп алып, сол «ақша беріңдер, мешітке ақша беріңдер» деп, «мешіт салып жатырмын» деп, одан кейін сол нетпесең «көзіңді құрттатамын, соттатамын» дейді.

Ал жұрттың «ақша жинағыш» деп атап кеткен шендісі халық алдында  есеп бермек түгілі,  оларды сотқа сүйреймін деп  сес көрсетіп отыр. 

Арынғазы Сыздықов, Алматы облыстық орман және аң шаруашылығы инспециясының инспекторы  

-Бұлардың бәрін тыңдай берсеңіз ол мемлекетті  ыдыратудың амалы. Ал мен бұларды мен сотқа беремін, содан кейін қылмыстық іс қозғатам, клевета деп беріп жатырмын, клевета аналардың бәрі.  

Ал Төлебаев ауылының тұрғындары 35 шақырым жолды өз күшімен бекер жөндеген екен. Жуырда облыстық бюджеттен осы жолды жөндеуге  83 миллион теңге бөлініпті. Алдағы аптада құрылыс жұмыстары да басталмақ. Осыны білсе де, жұрттың асарлатып жатқан шарасына араласпаған шенеукітердің үстінен жұрт енді шағым жазбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде