Ақмола облысында биіктен құлаған жігіт жансақтау бөлімінде жатыр
Ақмола облысында жас жігіт бесінші қабаттан құлап кетті. Щучье қаласында болған оқиғаны көрген тұрғындар полицияға хабар берген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.04.2018
Құтқарушыларды, жедел жәрдемді де шақырған оқиға куәгерлері екен. Ал биіктен құлаған 20 жастағы Александр есімді жігіт Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылының тұрғыны болып шықты. Оның бұл үйге кімге, не үшін келгенін қазір тәртіп сақшылары тексеріп жатыр. Полиция барғанда, пәтерде ешкім болмаған. Сондықтан Алексндрды біреу итеріп жіберді ме, әлде өзі секіріп кетті ме, ол жағы әзірге белгісіз. Түрлі жарақат алған жігіт қазір Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!