{metadescription}
Бауыржан Мусин 7 жылға сотталды
Бауыржан Мусин 7 жылға сотталды

Бауыржан Мусин 7 жылға сотталды

Азаматтық қоғам комитеті төрағасының экс- орынбасары Бауыржан Мусин 7 жылға сотталды. Кәсіпкерлерден  ірі көлемде пара алған шенеунікке Астана соты оған осындай жаза кесті.

Жемқорлыққа қарсы Ұлттық Бюро Мусинді былтыр наурыз айында 400 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұстаған еді. Ол мемлекеттік сатып алуға қатыстырам деген уәдесі үшін жеке бизнесмендерден алған сыйақысы екен. Артынша 2016 жылдың желтоқсан айында тағы бір компания басшысынан бір миллион теңге пара алғаны анықталды. Айта кетейік, Бауыржан Мусин басшылық қызмет атқарған комитет Дін істері министрлігіне қарайды. 7 жыл арқалаған экс-шенеуніктің әлі аппеляция жазуға қақы бар.

Еркебұлан Тындыбеков, Астана қалалық соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

- Сонымен қатар, Бауыржан Мусин мемлекеттік қызметте және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 50 пайыздан көп коммерциялық ұйымдарда өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айрылды. Үкім заңдық күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде