Данияр Ақышев: Елімізде қаржы нарығы тұрақталды
Елімізде қаржы нарығы тұрақталды! Ресейге салынған санкцияның салдарымен тиімді күрестік деген Ұлттық банк төрағасы бүгін осылай деп сендірді. Айтуынша, рубльдің құлдырауынан кейін мың құбылған теңгеге енді төніп тұрған қауіп жоқ. Тіпті, Данияр Ақышев төл ақшамызға сенімнің артқанын айтып, соңғы бірнеше айда шетел валютасында депозит көлемінің азайғанын мәлімдеді.
Автор: Досжан Маратұлы
17.04.2018
Қаржы нарығындағы тұрақсыздық, құбылған теңге мен Ресейдегі ахуал көпті алаңдатқаны мәлім. Бірақ, Ұлттық банк төрағасы енді төл ақшамыздың тағдырына қатысты алаңдамауға кеңес берді. Айтуынша, валюта нарығы тұрақталды. Яғни, төл ақшамыз Ресейге салынған санкцияның кесірінен алғашқы күндері ғана әлсірегені болмаса, қазір тегеуріндік танытып жүр дейді бас банкир. Тіпті, теңге бүгін де АҚШ валютасына шаққанда сәл нығайып қалды. Сөйтіп, Ақышев дер кезінде тиісті шешімдерді қабылдап, тұрақтылықты сақтадық деп сендіріп отыр.
ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
-Бұл ретте жақсы макро экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, қазіргі кезде валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Жалпы алғанда Ресейдегі оқиғаға реакцияны біз қысқа мерзімді қалыпты деп бағалаймыз. Ұлттық валютаның бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасты.
Ал, Ұлттық экономика министрі тіпті көрші елде қаржылық тоқырау болып жатқанда, Қазақстанның экономикасы қарқынды өсіп келеді деп мақтанды. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жыл басынан бері еліміздің жалпы ішкі өнімі өсіп, экспорт артқан. Бюджетке де түсім көбейіпті. Бұл былтырмен салыстырғандағы көрсеткіш.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
- ЖІӨ-нің өсуі 4,1 пайызды құрады. 2017 жылы осы кезде 3,6 пайыз болған. Бұл өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының, көрсетілетін қызметтерсаласының өсімімен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ ЖІӨ-нің өсуінен инвеститциялардың жоғары өсуі мен төмен инфляциялық көрсеткіштерге септігін тигізуде.
Сондай-ақ, Үкімектте бензинге қатысты да маңызды мәліметтер айтылды. Естеріңізде болса, біраз бұрын Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылғанда жанармай тапшылығы болуы мүмкін деген ақпарат шыққан. Энергетика вице-министрінің мәліметінше елімізде жанармай тапшылы болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!