Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады
Мас күйінде адам қағым қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары үшін Даниял Ахметов кешірім сұрады. Қол астындағы қызметкердің шетін әрекетіне қынжылатынын айтқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі, қамауға алынған шенеунікке қатысты тергеудің ашық жүргізілетінін жеткізіп отыр.
Автор: Мақсат Мәлік
17.04.2018
Даниял Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
-Риддер қаласы әкімінің орынбасарына келсек, әрине, өте қайғалы жағдай. Кеше ол тұтқынға алынды. Бүгін құқық қорғау органдары қажетті шараларды жалғастырып жатыр. Біз қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып, кешірім сұрадық. Енді жақын арада тергеу жұмыстарының аяқталуын күтеміз.
«BMW Х5» көлігін тізгіндеген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жол шетіндегі жүргіншіні қағып кеткен болатын. 19 жастағы жігіт жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмады. Кейін тексеру барысында әкім орынбасарының араққа сылқия тойып алғаны анықталған. Қазір 45 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Енді ол мас күйінде көлік жүргізіп, кісі қаққаны үшін 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!