{metadescription}
Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды
Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды

Елімізде бір айға жететін жанармай қоры қалды

Үкіметтегілер бүгін бензин бағасына қатысты да уәдені үйіп-төкті. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылғанымен, одан тапшылық болмайды дейді Энергетика вице-министрі. Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, елімізде әлі жанармайдың бір айға жететін қоры бар.

Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Жанар жағармай нарығында жағдай тұрақты. Және тапшылығы байқалмайды. Ішкі нарықты қамтамасыз етуге қажетті жанармай қалдықтарының көлемі бір айлық қорды құрайды. Бензин 322 мың тонна, ал дизель отыны 334,8 мың тонна.

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты өткен аптада жоспарлы жөндеуге жабылған еді. Кәсіпорынның нақты қашан қайта іске қосылатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, былтыр күзде Атырау мен Павлодардағы зауыттардың бірінен соң бірі жөндеуге жабылуынан бензин жетіспеушілігі болған. Ол кезде тапшылыққа жол берген Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінін қуылып, министр Қанат Бозымбаев қатаң сөгіс алған болатын. Енді бұл жолы тапшылық болмайды деп уәде еткен жауаптылар сол оқиғадан сабақ алса керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде