{metadescription}
Павлодарда "Спрут" фильмнің авторы 6 жылға сотталды
Павлодарда "Спрут" фильмнің авторы 6 жылға сотталды

Павлодарда "Спрут" фильмнің авторы 6 жылға сотталды

Бірақ қылмыскердің әйгілі италиялық телетуындыға қатысы жоқ.  Жергілікті кәсіпкер Михаил Барсуковский жәй ғана  осындай атпен бейнефильм түсіріп, жерігікті шенеуніктердің былығын әшкерелеп жүрген. 

Осындай кезекті бір кейіпкерінің қылмысын жариялап, масқаралаймын деп  пара бопсалаған.  Шарбақты ауылының тұрғынынан 10 мың доллар мен үш бас жылқы талап етіпті. Барсуковский әуелде жерлесінің үш бас жылқысын айдап әкеткен. Кейін қоқаң-лоққы көрсету арқылы талап еткен ақшаның жартысын, яғни 5 мың долларды алдыртыпты. Тәртіп сақшылары кәсіпкерді соны алып жатқан жерінен ұстаған. Ол ер адамды қаралайтын видеоларды ғаламторға жариялаймын деп қорқытып келіпті. 63 жастағы Михаил Барсуковский желі қолданушылары арасында «Спрут» бейнефильмдерінің авторы ретінде танымал. Бұған дейін Шарбақты ауданының әкімі мен ондағы полицейлерді түгел жемқор деп айыптаған. Ақыры өзі ақша бопсалады деген күдікпен құрықталған кәсіпкер кінәсін толық мойындады. Зейнеткерлік жасқа жеткен ол 6 жылға абақтыға аттанды.

Ирина Кузнецова, М.Барсуковскийдің адвокаты:

–Тым қатаң үкім кесілді. Барсуковскийдің қазіргі денсаулығы, зейнеткерлікте екені, кінәсін толық мойындағаны ескерілмеді деп санаймын. Есесіне бұған дейін сотталғаны айтылды. Ол іс баяғыда біткен, тіпті жазасы өтелген. Біз енді үкімді өзгерту үшін шағым түсіріп, шартты жаза сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.