Таразда 086 медициналық анықтамасын алу құны – 3500 теңге
Қаладағы 7-ші емхана қызметкерлерінің ашық саудаға салып келгені әшкере болды. Ақшаға құныққан дәрігерлер бұл қызметін тіпті жарнама сайтына жариялап, телефон нөмірін де жазып қойған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.04.2018
Бұл азаматты емханаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жамбылдағы өкілдері әдейі жіберіпті. Алдын ала ақхалаттылармен телефон арқылы келіскен оның әр қадамы таспаға жазылып отырған. Ақша үшін зыр жүгірген мамандар емханаға келген жігітке сүт пісірім уақыт ішінде еш тексеруден өтпестен 086 медициналық анықтамасын әзірлеп береді. Ақысы – 3 500 теңге. Мұндағылардың бұл заңсыз әрекеті әшкере болған соң, алты бірдей медициналық қызметкер жауапқа тартылды. Біреуі жұмыстан қуылса, бесеуіне тәртіптік шара қолданылған. Айта кетейік, емдеу мекемесінен әлгіндей бизнес ашқандардың екеуі – тәжрибелі дәрігерлер болып шықты.
Дәурен Омаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің басқарма басшысы:
- Ол фактыны, яғни скриншоты бар, жазбаны біз сол басқармаға жолдаған болатынбыз. Сол бойынша тиісті шара қабылдау жөнінде ұсыныс бергенбіз. Нәтижесінде осындай жауапкершілікке тарату жөнінде бізге жауап жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары