{metadescription}
Гектарлап меншіктеп алған жер телімдерін мемлекет тартып алмақ
Гектарлап меншіктеп алған жер телімдерін мемлекет тартып алмақ

Гектарлап меншіктеп алған жер телімдерін мемлекет тартып алмақ

Сөйтіп, ол жайылымға өріс таппай отырған ауыл жұртының ортақ меншігіне беріледі. Сенат бүгін жер қатынастары жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Өмірзақ Шөкеев: ҚР Ауылшаруашылығы министрі:

-Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды жалға беруге тыйым салынатын болады. Сонымен қатар, бүгінгі күні елдімекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткенін ескеріп, ол жерлерді қайтару мемлекеттік мұқтажға жатқызу заң жобасымен белгіленіп отыр.

Шөкеевтің айтуынша, ауыл халқының жеке аула малына жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында заң нормасы көзделіп отыр. Ал аймақтардағы жергілікті әкімдіктер қажетті жер көлемін есептеп беріпті. Ауыл жұрты бүгінде жайылым үшін 27 миллион гектарға мұқтаж. Сондықтан, министрлік кәсіпкерлерге беріліп кеткен алқап-алқап жер аумақтарын мемлекет меншігіне қайтарып алу үшін 180 миллиард теңге жұмсайын деп отыр. Ол бюджетте қарастырылып та қойылған. Сонымен бірге, жеке тұрғын үй салуға 173 мың гектар қажет. Ол үшін қазынадан тағы 1 миллиард теңге бөлінбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде