{metadescription}

Ақтөбеде оқушы қыз сабақ үстінде қайтыс болды

Он жасар Ділназ Әбішованың жүрегі ұстап қалған. Ал оның мұғалімдері жедел жәрдемге 18 рет телефон соғыпты! Ақыры дәрігерлер келмеген соң, ұстаздар жедел жәрдем көлігін жолдан ұстаған. 

Қазір Ділназ отырған парта бос тұр. Ұстаздары мен сыныптастары да бұл оқиғадан шошынып қалған. Өйткені соңғы сабақта оқушы солардың көзінше талып құлайды. Мектептің мейірбикесі алғашқы көмек көрсетіп, дем салады. Бірақ қыз есін жимайды. Ділназ Әбішова бұрын жүрек талмасына қатысты ешбір жерде тіркеуде тұрмаған. Ол денсаулығына байланысты ата-анасына да, апайларына да шағым айтпапты. Жүрегі ұстаған кезде жұмыста жүрген анасы мен жедел жәрдемді шақыртқан. Ең сорақысы, шешесі жаяулап шұғыл жеткенімен, 103 қызметіндегілер келіп болмапты. Қызынан айырылған әйел жедел жәрдем тез келгенде қызым аман қалар ма еді деп ашынады.

Зәуреш Ерғалиева, Д.Әбішованың анасы:

- Ертерек келгенде тірі болар еді. Мен де жедел жәрдемді 3 рет шақырттым. Мұғалімдер де хабарласты. Олар алмаған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде