{metadescription}
0:000:00
Астаналық іскер әйелдер бір күнге бизнестерін тоқтатып, құда күтті

Астаналық іскер әйелдер бір күнге бизнестерін тоқтатып, құда күтті

Және халқымыздың өзге де салт-дәстүрін еске алды. Кәсіпкер қыз-келіншектер осылай жылда сәуірде Наурызды тойлау арқылы арқаға асықпай келетін көктемді шақырады екен.

Ләззат Сүлеймен, Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары:

-Бұл еліміздегі ең мықты, іскер әйелдер ассоциациясының шарасы жыл сайын  Наурыз мерекесі тойланып отырады. Ең бастысы - Наурыздың негізгі құндылықтары насихатталады бұл жерде.  Ол - адалдық, мейірімділік, кешірім, тазалық. Ұрпақтар сабақтастығы жүзеге асырылады.

Бизнесвумендер ұлы тойды   құда күту  салтымен бастады. Астанада жүрген шетелдік дипломаттарды шақырып, шетінен құйрық-бауыр асатты. Және өз қолдарымен  ұзатылған  қыздың жасауын  тіккен. Үлкендері жас келінмен бірге келетін көрпе-төсекті  таныстырды. Ән салып,  би билеген соң ақсақалдың ақ батасын алды. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына мүше қыз-келіншектер  түгел ұлттық нақышта  киінген. Сондықтан  нәзік жандардың үстіндегі қосетек көйлек, камзол, сәукеле мен әшекейлеріне  дейін сайысқа түсті. 

Әнел  Қобаева, кәсіпкер:

-Мен ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасап, сатамын. Отандық бұйымдарды топтастырып, дүкен-галерея аштық. Көбіне ауылдардағы  ұсталардың  еңбегін жұртқа таныстыруға көмектесеміз. Біз қолөнерге  өте бай халықпыз. Сондықтан,  шетелден келген қонақтар құр қол кетпеу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.