Ақтөбеде әріптестеріне пара бермек болған прокурордың ісі сотта қаралып жатыр
Есентұр Қадыров Бас прокуратураның тергеу тобының өкілдеріне 13 миллион теңге ұстатпақ болған көрінеді. Осылайша өзіне қатысты салғырттық үшін қозғалған қылмыстық іске көз жұма қарауды және мансабын өсіруді қалады деген айып тағылды.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.04.2018
Есентұр Қадыров қазір қолхатпен бостандықта. Сот отырысына үйінен келіп жүр. Ол өзіне тағылған айыппен мүлдем келіспейді. Өйткені пара беруге ешқандай негіз болмағынын айтады. Оның қатысы бар деген қылмыстық іс тоқтатылған. Ал Қарғалы ауданының прокуроры қызметінен үш айлық сынақтан соң облыстық прокуратураға кері шақырыпты. Бірақ біршама уақыт жұмыс бермей сандалтып қойған. Оның үстіне әріптесіне ұстатқан 40 мың доллар парада оның саусақ іздері анықталмапты. Дегенмен, Қадыровты ұстау операциясына қатысқан ұлттық бюроның өкілдері дыбыстық және бейне қондырғыларға бәрі жазылған деп отыр.
Дастан Қабанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілі:
-Куәгер Төлегеновпен көшеде жолықтық. Ол кездесудің қалай өткенін баяндап, Қадыровтың параны бергенін айтты. Ақшаны көліктің ішіне тастаған. Дыбыс жазатын, бейнетаспаға түсіретін қондырғыларды да бізге тапсырды. Тергеу тобы стеногараммасын шығарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!