Жамбыл облысында қылмыстық топқа жетекшілік еткен әйел ұсталды
Жамбыл облысында жүргізілген ауқымды операция барасында әйел адамы басшылық еткен қылмыстық топ құрықталды. Есірткі саудасымен айналысты делінген күдіктілердің арасында жұптасқан екі отбасы бар. Бұларға Ауғанстаннан әкелінген героинді еліміздің әр түкпірінде сатты деген айып тағылуда.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.04.2018
Бұлар көптен бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауында болған. Бірақ тұтқындау үшін дәйектер жетіспей жүріпті. Енді есірткі саудасымен айналысқандар нақты айғақпен ұсталып отыр екен. Бір мезетте бірнеше мекен-жайда жүргізілген құрықтау шарасы барысында бес келіден асатын героин табылған. Сондай-ақ, күдіктілерден заңсыз жолмен табылған ақшаға сатып алынды делінген жеңіл машина мен трактор да тәркіленді. Ерлі-зайыптылардан құралған топтың бұл заңсыз іспен қанша уақыттан бері айналысып келгендері қазір анықталуда. Енді олар өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін. Айта кетейік, күдіктілердің бесеуі жамбылдан біреуі Атыраудан ұсталған. Бәрі осы өңірдің тумалары.
Асхат Алметов, Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма бастығы:
-Есірткі заты Қазақстанда өңделмейді. Ауғанстаннан шығады, одан Тәжікстанға, одан Қырғыз мемлекетіне келген. Қырғыз мемлекетіне топ басшысы өзі тасымалдаған. Өзі топ мүшелеріне таратып беріп, солар ары қарата сатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!