{metadescription}
0:000:00
Қырғызстанның бұрынғы премьері қылмыстық істің фигуранты атануы ықтимал

Қырғызстанның бұрынғы премьері қылмыстық істің фигуранты атануы ықтимал

Ал тағынан тайған Қырғызстанның бұрынғы Үкімет басшысы тергеушілердің сұрағына жауап беріп жүр. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, Сапар Исаков Бішкектегі жылу орталығын жаңғыртуға қатысты жемқорлық іске куәгер ретінде шақыртылған.

Алайда, құзырлы ведомвстваға жауап беруге келген Сапар Исаков, ғимараттан шыққан соң да не үшін шақырту алғаны жөнінде толық ақпарат бермеді. Естеріңізге салсақ, қаңтар айында Қырғызстан астанасындағы жылу орталығында апат болып, көптеген тұрғын үй мен мемлекетттік мекемелер жылусыз қалған. Кейін нысанды қайта жаңғыртуға арналған құралдардың шарықтаған бағаға сатып алынғаны анықталып, 3 бірдей жауапты қызметкер қамауға алынған еді. Ал, Сапар Исаков басқарған Үкімет парламент сенімсіздік танытқан соң, бір апта бұрын отставкаға кеткенін еске салайық. Қырғыз халқын елең еткізген бұл саяси оқиғалар  президент Сооронбай Жээнбеков пен бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев арасындағы қарым-қатынас шиелініскен сәтке тұспа-тұс келіп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде