Мигранттарды Қазақстанда не қызықтарады?
Заң талабын таптағандар. Былтыр Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 109 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, оның 14 мыңға жуығы ел аумағынан аластатылыпты. Бұл туралы Алматыда өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының отырысында айтылды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
19.04.2018
Қазақстан транзиттік мемлекет болғандықтан шетелдіктердің келуін жеңілдетуге барынша жағдай жасалған. Сол себепті болар, ережені елемейтін өзге елдің азаматтары заң бұзушылардың қарасын көбейтіп отыр. Ұйымға мүше Ресей, Беларусь, Қырғыстан мен Тәжікстанның өкілдері өзекті тақырыпта өз ойларын ортаға салып, басқа мемлекеттердің көші-қон мәселесіндегі тәжірибесі кеңінен талқыланды. Айта кетейік, биыл Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалығық етуде.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
-Үш жыл бұрын еңбек мигранттарын заңдастыруды енгіздік. Осы уақыт аралығында милионнан астам шетел азаматы Қазақстан аумағында жұмыс істеуге рұқсат алды. Ал, ол рұқсатты алу үшін міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі тиіс. Қазір барлық қызмет бір орталықта көрсетіледі. Сондықтан өзге елдің азаматтарына жұмысқа орналасуға еш кедергі жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!