{metadescription}
0:000:00
Еліміздің кино өндірісі тағы бір отандық туындымен толықты

Еліміздің кино өндірісі тағы бір отандық туындымен толықты

Отандық режиссер Жәми Бейсенов осы көктемнің ең қызықты комедиясын көрермендерге ұсынды. Күлдіргі киноларды құштарлана қарайтындар үшін  «Не Египте мне мозги» картинасы бүгіннен бастап үлкен экранға жол тартпақ.

Шытырман оқиғаға толы кинокартинада қазақтардың Шри-Ланкадағы оқиғалары баяндалады. Кино туынды басты кейіпкер - Жанел есімді бойжеткен мен оның әкесі жөнінде болмақ. Каскадер қыз жұмыста да жеке өмірде де жолы болмаған Мақсат есімді епсіз жігітпен кездеседі. Сөйтіп олар Шри-Ланкаға аттанады. Бірақ демалуға емес, қыздың әкесін түрмеден шығарып алуға барады. Алайда бөтен елде жақындарын табу кейіпкерлерге қиынға соғады.

Фархат Күлбаев, актер:

-Менің рөлім ол өзіне сенімсіз жігіттің рөлі. Банкте жұмыс жасайды. Сонымен қатар қыздармен де жолы бола бермейді.  Бірақ ол өз-өзін қолына алып осы басты кейіпкермен танысып бірге Шри-Ланкаға аттанады.

Комедия жанрындағы фильмнің режиссеры Жәми Бейсенов. Туынды сценарийін жазған да осы кісі. Әрі бас кейіпкер рөлін сомдаушылырдың бірі. Бастапқыда атауын «Әкесінің қызы» деп, кейіннен «Не Египте мне мозги» деп атапты. Режиссердің өзі Цейлон аралындағы аптап ыстықта тропикалық комедияны түсіру оңайға соқпағанын айтады.

Жәми Бейсенов, режиссер:

-Бізде бос уақыт өте аз болды. Себебі біз Шри-Ланкадағы 11 күннің ішінде фильмнің 80 пайызын түсірдік. Демалуға онша уақыт болған жоқ. 3400 Жалпы кино саласында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Бұл менің үшінші толықметражды фильмім.  Көрермендер енді көре қойған жоққой бұны бірақ көңілдерінен шығады деген ойдамын.

Фильмнен түрлі үнді әуендерін тындап, әйгілі Цейлон аралы мен Мысыр еліне саяхаттап қайтуға болады. Комедия адамға жайдары көңіл-күй сыйлап, әрі қарай түрлі шытырман оқиғаларымен қызықтырып әкетеді. Ал қызыққа толы картина бүгіннен бастап барлық отандық кинотеатрларда көрсетілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде