{metadescription}
Шымкентте тұрғындар тойхананы жаптыра алмай жүр
Шымкентте тұрғындар тойхананы жаптыра алмай жүр

Шымкентте тұрғындар тойхананы жаптыра алмай жүр

Шымкентте дөкей туысқанын желеу еткен кәсіпкер бей-берекет тойхана салып, маңындағы жұртты шулатып отыр. 6 жылдан бері іргелес тұрған көрші үйлерге «Нұра» тойханасы көресіні көрсетіп-ақ келеді. Нәжіс толы кәріз суын жанындағы баспаналарға ағызып, қоқысын да тастайтын болған. Ал, ескерту жасаған жұртты кәсіпкер көзіне де ілмейтін көрінеді. Бір тойханамен алысып жүргенде, кәсіпкер көрші үйлерге 5 метр қашықтық қалдырмай тағы бір мейрамхана құрылысын бастаған. Осыған шыдамаған тұрғындар бұл жолы бизнесменнің жағасынан ала жаздады. 

«Той бітпесін» дейтін шымкенттік қазақтар енді тойханадан қажып бітті. «Нұраның» тура іргесінде тұратын оннан аса үйдің иелері бүгін шыдай алмай, тағы бір тойхана салған бизнесменнің алдыларына шығуын талап етті. Себебі, екі қабатты етіп тұрғызылып жатқан ғимарат пен көршілес баспаналардың арасы 25 метрді құрауы тиіс болса, мұнда сол меже 5 метр де шықпайды.

Бипатима Ыбыраева, Шымкент қаласының тұрғыны:
 -Бір бұрышта «Нұра» тойханасы болса, терезеге жапсарлас екінші тойханасы. Кәуаптың иісіне тұншығамыз. Кейде газдың иісі келеді.. 

Тойхана маңындағы үйлердің ауласына кәріз суын ағызып, қоқысын тастап білгенін істейді екен. Жылдар бойы қайталана берген соң ескерту жасамақ болған жұртқа кәсіпкердің ұлы тіпті өзінің лауазымы бар шенді екенін айтып, сес көрсетіпті.   Жұрт жан-жаққа арыз жазып, құзырлы орындардың жауап беруін талап еткен кезде жергілікті билік екінші тойхана салынбайды, рұқсат жоқ деп қайтарған. Басшылардың сөзіне сеніп тыншыған жұрт соңғы бір ай ішінде зәулім сарайдың соғылғанын көріп отыр.

Тұрсын Алсатов, Шымкент қаласының тұрғыны:
 -Жобасы жоқ. Рұқсатым бар деп бет қақтыртпайды. 2-ші қабаты  жауып қалды. Қап-қараңғы, күнді көрмейміз. 

Есігінің алдында жұрт шу шығарған соң кәсіпкердің өзі келді. Бірақ, көршілерімен әңгімесі жараспай, қос тарап жанжалдасып қалды. Құрылыс салуға тиісті құжаты бар-жоғын айтқысы келмеген Жанат Жаппарова бұл ұйымдасып, бизнеске тұсау салудың амалы деп топшылайды.

Жанат Жаппарова, кәсіпкер:
 -Бізде заңға сай барлық шешімдеріміз бар. Тиісті органдардан сұраңыз. 

-Кәсіпкер айтқан облыстық сәулет-құрылысты бақылау басқармасына да, қалалық әкімдікке де сұрау салдық. Бірақ жергілікті билік өкілдері сұхбат беру түгілі мән-жайды телефонмен түсіндіруден де қашқақтайды. Ал шымкенттік шенеуніктер кәсіпкермен ауыз жаласып отыр деген тұрғындар тойхана құрылысы мен жергілікті атқамінерлердің әрекетін елордалық құзырлы орындардың тексеруін талап етпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде