Жамбыл облысында қызметкерлерінен ақша жинайтын лауазымды полицейлер шатылып жатыр
Жамбыл облысында құқық қорғау саласындағы кейбір басшылар қол астындағы қызметкерлерге мәжбүрлеп ақша жинатып келген. Қатардағы тәртіп сақшылары жұмыстан қуылып кетпес үшін айма-ай амалсыз бастығына ақша беріп отырыпты. Бұл жайында сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аймақтағы өкілдері мәлімдеді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
20.04.2018
Мәселен, өткен жылы Сарысу аудандық күзет қызметі бастығының қарамағындағы 23 адамнан ай сайын 6-8 мың теңгеден ұдайы алып келгені анықталса, биыл Тараз қалалық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Жақсылық Бүйтеков пен батальон командирі Бақытжан Жолдасбеков мырза да осы тектес әрекеті үшін ұсталған. Белгілі болғанындай, аймақта сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс өршіп тұр. Әсіресе, бұл жас полицейлер белең алған. Былтыр бір жыл бойы аймақта 24 дерек тіркелсе, биыл небәрі 4 айда 14 полицей жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа барыпты.
Мұрат Қарымсақов, Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы:
-Жастардың көбі қылмыс жасап жатыр. Жол патрульдік полициясы командиріне ақша беру үшін қарапайым адамдарды қанайды. Ескертіп қояйын, біздің құрығымыз да ұзын, техникалық мүмкіндігіміз де зор. Заң бұзсаңыздар, аямаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!